Түркістан облысы Мақтаарал ауданында Қазақстан мен Түркия елдерінің бірлескен мақта майын шығаратын зауыты іске қосылмақ. Жалпы құны 2,152 миллиард теңгені құрайтын кәсіпорын 2022 жылы пайдалануға беріледі.

Мақтаарал ауылдық округіне қарасты Көкарал ауылында іске асып жатқан инвестициялық жоба жылына 3 мың тонна май, 14 мың тонна шрот шығару қуаттылығына ие. Өнеркәсіпте 48 адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі таңда Мақта шикізатын дайын өнімге дейін жеткізетін өнеркәсіп күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

Түркия мемлекетінен бірнеше тоннаға жететін құрал-жабдықтары әкелінді. Бұдан бөлек, 2024 жылға дейін Түркия мемлекетімен бірге жалпы құны 6 миллиард теңгені құрайтын текстиль фабрикасы іске қосылады. Онда жылына 6600 тонна жіп иіріп, 143 адамды жұмыспен қамтылады. Әрі қарай оны киім-кешекке, көрпе-кілемге айналдыратын толық индустрия жасау көзделген.

Айта кетейік, шетелден тікелей инвестиция тарту бағытында 2021-2025 жылы Мақтаарал ауданында жалпы инвестиция көлемі 10,781 миллиард теңгені құрайтын 308 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтуды көздеген 5 жоба іске асырылуда.

 

QAINAR KÓZТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі