Шымкентте азық-түлік және тұрмыстық заттарды үйіне дейін жеткізетін Q bazar қызметі жұмыс жасайды.

Бұл стартап пандемия кезінде базарлар мен сауда орындары қызметін уақытша тоқтатқан кезде іске қосылды. Карантин аймақтарына азық-түлік тауарларын жеткізіп қалаға үлкен көмек көрсетті.

Бұл үйге азық-түлікті жеткізетін қызметтің қоймаларының бірі. «Q bazar» жергілікті тауар өндірушілерімен, фермерлер және жылыжайлармен делдалсыз тікелей жұмыс жасайды. Балғын көкөніс, жемістер күнделікті жеткізіліп тұрады. Жеткізу қызметімен сапа мен арзан бағаға кепілдік беріледі. Қызметті пайдалану  үшін app store/ play market арқылы «Q bazar» қосымшасын жүктейсіз. Жеткізу қызметі азық-түлік және тұрмыстық заттарды бір пәсте үйіңізге, не кеңсеңізге жеткізіп береді.

Айжан Мейрбек, Q bazar жеткізу қызметінің коммерциялық директоры: «Q bazar қосымшасын кез – келген смартфонға жүктеуге болады. Және батырманы басу арқылы кез – келген азық-түлік, тұрмыстық затқа тапсырыс беруге болады. Қосымша санаттарға бөлінген. Тауарлардың сапасы мен балғындығын мамандар тексеріп тұрады. Сіздер берген тапсырыс бойынша өнімдер сіздің мекен-жайыңызға жақын қоймада жинақталады. Қала секторларға бөлінген. Әрбірінде қойма бар. Төлем аударылым, қолма-қол жүргізіледі. Әкімдікпен ынтымақтастық аясында біз әлеуметтік маңызды тауарлар: қант, ұн, жұмыртқа, макарон өнімдерін әлеуметтік бағада жеткіземіз».

Q bazar – смартфондағы нағыз базар. Қосымшаны жүктеп алып, Шымкент қаласының тұрғындары тәуліктің кез – келген уақытында тауарлардың бағасымен таныса алады. Ал тапсырыс тез арада жеткізіледі.

Қайрат Базарбеков, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының баға мониторингі және сауда бөлімінің басшысы: «Q bazar қызметі Шымкент қаласының аумағында сәтті жұмыс істеп келеді. Әсіресе, пандемияға байланысты шектеулер кезінде, базарлар, ірі сауда нүктелері жабылып, азық-түлік жеткізуді Q базары жүзеге асырды, олар мобильді түрде жұмыс істеді, ал тұрғындар сондай сәтте қолдау көрсеткендері үшін әлі де алғыс айтып жүр. Q bazar жеткізу қызметін пайдаланатындар саны артып келеді. Олар өз кезегінде азаматтарды қол жетімді бағамен әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз етіп отыр».

Q bazar жеткізу қызметінің жас ұжымы алдарына өршіл мақсат қойып отыр. Олар тұрғындарға ескі әдетті өзгертіп, офлайннан жайлы онлайн сатып алуға көшуді ұсынбақ. Арнайы қызметті пайдалана отырып сіз өзіңіздің денсаулығыңызды тәуекелге қоймай-ақ, уақытыңызды кезекте, кептелісте өткізбейсіз.

Жай ғана батырманы басу арқылы азық-түлік жиынтығы үйіңізге тегін жеткізіледі. Мұндай тәжірибе шетелде бұрыннан қолданыста, әсіресе локдаун кезінде адамдар бұл сервиске үйренді. Ал Шымкентте бұл қызмерт түрі бүгінде қарқын алуда.

Шынар Оразова