Шымкент қаласы аумағында атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымына тиімді мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара барысында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының №37 УПП инспекторлары әкімшілік аумақты аралау кезінде сол аумақта тұратын И есімді азаматтың қаруға берілген рұқсат қағазының мерзімі өтіп кеткендігін анықтаған. Қару сақтау ережесін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 486-бабы (Азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Айта өтетін ақпарат, «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы 17-маусымға дейінгі мерзімде өткізілетін болады.