Қашықтан оқыту бойынша Шымкент қаласы елімізде көш бастады. Осылай деген қаланың бас ұстазы бұған білім деңгейінің 7 пайызға төмендегені еш әсер етпегенін айтады. Сөзінше онлайн оқу кезінде көрсеткіштің кері кетуі әлемдік процесс. Осыған қарамастан Шымкент қаласы онлайн білім алудан топ жарып тұр екен.
Онлайн оқу кезінде шымкенттік оқушылардың білім деңгейі төмендегенімен, республика бойынша қашықтан оқудан топ жарды. Қалалық білім басқармасы басшысының сөзінше, шәкірттер білім порталына кіруден көш бастаған. Бұдан бөлек Жанат Тәжиева қалада ҰБТ-ның да ойдағыдай өтіп жатқанын айтады. Сөзінше биыл сынақтан қуылған талапкерлер саны 5 есеге қысқарған. 64 түлек енді білімін екінші рет берілген мүмкіндікте сынайды. Еске салайық, биылдан бастап жоғары оқу орнына грант алуға екі рет мүмкіндік берілді.
Татарстандағы қанды қырғыннан Шымкенттің білім басқармасы да сабақ алған сыңайлы. Енді қаладағы білім ұяларына турникет орнатылмақ. Бұдан бөлек бейнекамералар да қондырылады дейді Жанат Тәжиева. Ол үшін бюджеттен 545 млн. теңге бөлінген екен.