Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал оңала бастады

92

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал оңала бастады. Осылай деген еліміздің бас дәрігері республиканың «сары» аймаққа ауысқанын айтады. Бұған дейін қызыл белдеуде тұрған Қазақстанда қазір вирустың анықталу көрсеткіші 20 пайызға кеміген.

Елімізде эпидемиологиялық жағдайдың беті бері қарай бастады. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Өткен аптада ғана қайта «қызыл белдеуге» өткен Қазақстан тағы да орташа аймаққа ауысты. Министрдің сөзінше осы айда індеттің тіркелу көрсеткіші 20 пайызға кеміген. Ал, ауруханадағы төсек-орындар толымдылығы 8 пайызға азайыпты.

Алексей ЦОЙ, ҚР Денсаулық сақтау министрі: «Қазір вирус жұқтырғандардың анықталу көрсеткіші кеміп келеді. Жағдай тұрақталған. Соңғы аптамен салыстырғанда вирус табылғандар 4000-ға азайған. Ал өткен аймен салыстырғанда статистика 20 пайызға төмен. Ауруханадағы төсек орын толымдылығы да 8 пайызға кем».