Қоқыс контейнерін ұрлап кеткен азамат анықталды

219

2021 жылдың 26-мамырында Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз тұлға мекемеге тиесілі әрқайсысының құны 120.000 теңге тұратын 2 дана қоқыс контейнерлерін ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.

Тәртіп сақщыларының жедел іздестіру іс-шаралары барысында жергілікті жердің 42-жастағы тұрғыны анықталып, жеткізілген. Тексеру амалдары жүргізілуде.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі