Шымкент: Қуғын-сүргін құрбандарына 14 585 теңгеден берілді

168

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Шымкентте мүгедектігі бар, зейнеткерлер болып табылатын қуғын –сүргін құрбандары және зардап шеккен адамдар бір реттік ақшалай төлеммен қамтылды.

Ұлдана Бекбау, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы: «Қуғын-сүргін құрбандарына 5 АЕК яғни, 14 585 теңгеден біржолғы қаржылай көмек есеп шоттарына аударылды. Жергілікті мәслихаттың шешіміне сәйкес, Шымкентте тұратын қуғын-сүргін құрбандарына 1306 азаматқа төлем жүргізіліп отыр. Сонымен қатар, аталған санатқа жататын азаматтарға әлеуметтік төлемдердің басқа түрлеріне қарамастан, 1,07 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде яғни, 2973 теңге көлемінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған».

Шынар Оразова