Шымкенттік қойшы жайылымнан жарылғыш зат тауып алды. Абырой болғанда, 41 жастағы азамат гранатаға қол тигізбеген. Әйтпегенде жарылып кетуі де мүмкін еді дейді полицейлер.
Және бұл заттың шынайы жарылғыш екенін растап отыр. Айта кетейік, тұрғын белгісіз затты көрген бойда құзырлы органға хабарлаған. Нәтижесінде погондылар бұл затты қауіпсіз етіпті. Алайда, оның жайылым алаңына қайдан келгенін білмей отыр.
Назерке Үкібасова