Шымкентте жыл басынан бері үшінші үшем дүние есігін ашты. Бұл жолы 25 жастағы Нигара Миркасимова 2 қыз, бір ұлдың анасы атанды. Осылайша жас ана 5 перзентті болды.
Жүктілік кезінде ішіндегі нәрестенің үшем екенін естіген ол қатты таң қалғанын жасырмады. Себебі бұған дейін өзінің туыстарын да, жолдасының шаңырағында да үшем болмаған екен.
Шымкентте тағы бір үшем дүниеге келді. 25 жастағы Нигара Миркасимова екі қыз бір ұлды болды. Бұған дейін бір ұл, бір қызы бар жас ана осылайша бес перзенттің анасы атанып отыр. Тұңғышы бес жаста, ал екіншісі 3,5 жаста екен. Ата-енесінің қолында тұратын ол балаларымды қарауға отбасым қол ұшын береді дейді. Көпбалалы ана үшем кезіндегі жүктілік алдыңғыларымен салыстырғанда қиындау болғанын жасырмады.
Нигара МИРКАСИМОВА, көпбалалы ана: «Жүкітілік сәл ауырлау болды. Ең керегі аман-есен босанып алдым. Мен үшін ол басқаша жүктілік болды. Басында таң болдық. Кейін үйреніп кеттік өскен сайын».
Көпбалалы ана атанған Нигара үшем дүниеге алып келетінін жүктіліктің тоғызыншы аптасында білген. Көпбалалы ата-ана үшемнің есімдерін Муслима, Мухлиса, Мұқаммад-Али қойыпты.
Нигара МИРКАСИМОВА, көпбалалы ана: «Үшем отбасымызда жоқ. Ұрықтарымызда егіздер бар. Бірақ үшем жоқ. Бұл біріншісі».
Дәрігерлердің сөзінше ана мен балалардың да жағдайы өте жақсы. Жүктіліктің 35-ші апталығында өмірге келген олардың салмағы алғашында 2000-2200 грамм, бойлары 40-42 см болыпты. Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулықтары жақсарған дейді мамандар.
Темирхан ВАРЗИЛОВ, Шымкент қалалық перинаталдық орталықтың бас дәрігері
«Нигара Миркасимова бізге жүктіліктің 35-36 — шы аптасында түсті. Біз үшемді ота тілігі арқылы босандырып алдық. Негізі мұндай жағдайда ананың өзі босануы мүмкін емес. Және ең таңқаларлығы бұл ЭКҰ арқылы жасалған жүктілік емес. Әрі операциядан кейін үшем жансақтау бөліміне түскен жоқ. Яғни, дәрігерлер дер кезінде жұмыс жасап, алғашқы көмекті көрсете алды деген сөз. Мен бұл отбасын біздің орталық ұжымы атынан құттықтағым келеді. Әр отбасы осындай қуанышқа кенеле берсін».
Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте 10972 сәби дүние есігін ашқан. Оның 5317 қыз баласы болса, 5655 ұл бала. Ал биылдыққа 3 үшем, 88 егіз дүниеге келіпті.
Мөлдір Ибадуллаева