Шымкенттегі АГРС-3-тың құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын

101

Шаһар басшысы №3 автоматты газ-реттегіш станциясының /АГРС-3/ құрылыс барысымен танысты.

Халқының саны 1 млннан асқан  мегаполиске қажетті нысанның жобалық құны – 9,3 млрд теңгені құрайды.  Жалпы газ құбырының ұзындығы  59 шақырым. Бүгінде АГРС-3 нысанының техникалық құрал-жабдықтары 100 пайыз орнатылып, құрылыс-монтаж жұмыстары 96 пайызға орындалды. Қала әкімі бұл жобаның маңыздылығын, қала тұрғындарына керектігін және қала дамуына әсерін тағы бір түсіндіріп өтті.

Шынар Оразова