Шаһар басшысы №3 автоматты газ-реттегіш станциясының /АГРС-3/ құрылыс барысымен танысты.
Халқының саны 1 млннан асқан мегаполиске қажетті нысанның жобалық құны – 9,3 млрд теңгені құрайды. Жалпы газ құбырының ұзындығы 59 шақырым. Бүгінде АГРС-3 нысанының техникалық құрал-жабдықтары 100 пайыз орнатылып, құрылыс-монтаж жұмыстары 96 пайызға орындалды. Қала әкімі бұл жобаның маңыздылығын, қала тұрғындарына керектігін және қала дамуына әсерін тағы бір түсіндіріп өтті.
Шынар Оразова