«Тұран» шағынауданын электр қуатымен қамту жұмысы қарқын алған

100

«Тұран» шағынауданы тұрғындарын электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында екі кезеңнен тұратын жұмыстар жүргізілуде.

 

Бірінші кезең бойынша 10 кВ магистралдық электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіледі. Бүгінде электр тарату бекеттерінің құрылысына бюджеттен 1,3 млрд. теңге қаржы қаралып отыр. Жалпы жоба құны 2,3 млрд. теңгені құрайды.

Ал, 2-кезең 0,4 кВ ішкі электр желілерінің құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылады. Нысанның құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталып, 2022 жылдың III тоқсанында аяқтау жоспарланып отыр.

Шынар Оразова