Түркістан облысында құны 2,5 трлн. теңге болатын жоба жүзеге асырылмақ

298

Түркістан облысында құны 2.5 трлн. теңге болатын 115 жоба жүзеге асырылмақ.

туризм Бұл жобалар туризм, құрылыс, өңдеуші өнеркәсіп, баламалы энергия және жасыл экономика салаларына тиесілі. Өңірде соңғы 2 жылдың ішінде шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындардың саны 15 мыңға артып, 141 мыңға жеткен.

Өнеркәсіп дамып келеді

Ал былтыр облыс кәсіпкерлері құны 554 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Киелі шаһар облыс орталығы болғалы бері қала «мәдени-рухани» және «әкімшілік-іскерлік орталық» болып, екі бағытта дамып келеді.

Кезінде Елбасы өзі қазығын қағып, жоспарын сызып берген осы екі орталықтағы нысандардың барлығы қазір аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, мұнда тұрғын үй құрылысы да жанданып келеді.

2019 жылы шаһарда 150 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылса, биыл 390 мың шаршы метр тұрғын үй ел игілігіне беріледі деп жоспарланған.

Шынар Оразова