Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов пен Солтүстік Македония Республикасының Қазақстандағы Елшісі Сали Лимани екіжақты ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Меморандум аясында Түркістан мен Солтүстік Македония Республикасы арасында байланыс орнату жоспарланған. Сонымен қатар, туризмді дамыту, білім және мәдениет саласы, жастар саясаты, абаттандыру, урбанистика, сондай-ақ инвестиция тарту мәселелері де жан-жақты айтылды. Алдағы уақытта Солтүстік Македония Республикасының Битола немесе Тетова қалаларымен меморандум орнату жоспарлануда. Рашид Абатұлы Сали Лиманиге рухани астана Түркістан қаласына келгені үшін алғыс айтып, екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың дамуы мен жобаларды жүзеге асыруына әрдайым оң көзқараспен қарайтынын айтып, қолдау білдірді.