Түркістан: «Ұлы Жібек жолы -Ұлы мұра» халықаралық форумы өтті

232

 Түркістанда алғаш рет халықаралық туристік форум өтті. Мәдениет және спорт министрлігі ұйытқы болған шара онлайн және офлайн форматта да ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, мұнда туристік салада жұмыс істейтін 15 елдің бизнес-құрылымдарының өкілдері мен мамандары қатысты. Басты мақсат — ежелгі қалада Түркістанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және Жібек жолы бойындағы туристік бағыттарды дамыту. Бүгінде Түркістанның қарқынды өсу кезеңін бүкіл әлем бақылап отыр. Сондықтан туризм саласын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

Өмірзақ Шөкеевғ Түркістан облысының әкімі: «Еліміздің Тұңғыш Президентінің күнделікті бақылауының арқасында, Мемлекет басшысының қолдауымен құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл ең алдымен екіжақты және көпжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтатын маңызды шара. Түркістан күн сайын дамып жатыр, көптеген нысандар салынып жатыр. Сол нысандарға біз енді контент беруіміз керек. Сондықтан біз осындай іс-шаралардың күнделікті Түркістан қаласында өтуін қалаймыз».

Форум аясында қатысушылар өңіраралық және халықаралық кооперацияның жаңа нысандарын дамыту, әсіресе трансшекаралық бағыттарды құру мәселелерін талқылады. Ал кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық және өзбек туроператорлары арасында Ұлы Жібек жолы бойында жаңа туристік өнімдерді қалыптастыру бойынша ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

Трансшекаралық маршруттардың географиясын одан әрі кеңейту мақсатында қатысушылар алдағы уақытта ТОП-10 кіретін Ақтау немесе Бурабай сынды курорттық аймақтарда да осындай кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі: «Осы форум туризм саласындағы ынтымақтастық бағыттарын әртараптандырудың өзект імәселелері мен қазіргі заман үрдістерін талқылау үшін тиімді және елдің бірегей тарихи және табиғи көрікті жерлерін қамтитын жаңа транс ұлттық және өңірлік туристік өнімді құрудың бастауына айналатынына сенімдімін. Форумның сәтті де нәтижелі өтуіне тілектеспін».

Мөлдір Ибадуллаева