2021 жылғы 27-мамырда Шымкент қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері әкімшілік аумақта қызмет атқару барысында «HOWO» маркалы жүк көлігін тоқтатады. Полиция қызметкерлері жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында, оның жүккөлігіне жалған мемлекеттік нөмір тағып жүргендігі белгілі болады.
Аталған жайт бойынша, «HOWO» жүк көлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4 тармағы (Көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару, сол сияқты мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн (белгiсiн) сәйкестендіруге кедергі келтіретін не олардың түрін өзгертетін немесе жасыратын құрылғылар мен материалдар қолданыла отырып жабдықталған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жүккөлік айыптұраққа қойылды.