Жаңадан құрылған Сауран аудандық мәслихаты жұмысқа кірісті

98

Түркістан облысына қарасты  Сауран аудандық мәслихаты  жұмысқа кірісіп кетті. Жаңадан құрылған  аудандық мәслихатының  құрамына  «Nur Otan», «Ақжол» және «Ауыл» партияларының мүшелері кірді.

Жетінші шақырылымдағы Сауран аудандық мәслихаты депутаттарының тізімі:
1. Абишева Макпал Хайруллакызы
2. Аринов Ерлан Серикович
3. Асаев Артур Валиханович
4. Байменов Ерлан Анварович
5. Жусипбаев Нуржан Абилдаулы
6. Кунпейсов Мейрамбек Заманбекович
7. Садуов Талгат Нуралиевич
8. Сауранбекова Арай Асановна
9. Шалданбаев Арман Сапарғалиұлы

Сауран аудандық мәслихатының хатшысы Мейрамбек Кунпейсов. Сауран аудандық мәслихатының жетінші шақырылымының шешімімен бюджет, экономикалық даму, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиялары құрылды.

Сондай-ақ, мемлекеттік құқықтық, азаматтардың заңдылық мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері, ұлттық саясат, мәдениет және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиялары құрылып, өз салаларында бар мәселелерді шешуге  ат салысуда.

Шынар Оразова