Жақсы жұмыс берушінің 10 белгісі: KMF қызметкері еліміздің ірі МҚҰ жұмыс тәжірибесі туралы әңгімеледі

144

Жасыратыны жоқ, өміріміздің көп бөлігі жұмыста өтеді. Әрине, барлығымыз арманымыздағы жұмысты тапқымыз келеді. Мінсіз жұмыс беруші туралы сөз қозғалса, әр адамның талабы әртүрлі болмақ: біреулер көп жалақы алғысы келеді, басқаларға жарық әрі кең кеңседе жұмыс істеген маңызды, ал үшіншілер айналасында көзқарасы бірдей, пікірлес адамдар болса дейді… Дегенмен көпшіліктің жұмыс беруші туралы ойы бір жерден шығады.

Жетекші компаниялардың барлығында мықты бренд, инновациялық тәсіл, қалыптасқан мәдениет пен құндылықтар сынды міндетті атрибуттар кездеседі. Сондай компаниялардың бірі – KMF микроқаржылық ұйымы. Нарықтағы аса ірі компания ашық шарттарда қарыз береді. Сонымен қатар KMF қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша қаржылық емес қызметтер көрсетеді және бизнесті жүргізу бойынша консультациялар береді.

Зерттеулер мен сауалнамалардың нәтижесінде көпшілік үміткерлер үшін жұмыс берушінің 10 критерийі маңызды екені анықталды:

• — бәсекеге қабілетті еңбекақы және қызметкерлерге арналған жеңілдіктер;
• — ұйымның қаржылық әл-ауқаты;
• — компанияның тұрақтылығы;
• — жұмыстың қызықты мазмұны;
• — даму мүмкіндіктері;
• — жағымды жұмыс ахуалы;
• — жұмыс пен жеке өмірдің тепе-теңдігі;
• — ыңғайлы орналасуы;
• — икемді кесте бойынша жұмыс істеу мүмкіндігі;
• — мықты басшылық.

KMF 23 жылдан астам уақыт бойы қарқынды дамып келеді. Компанияның 110 бөлімшесінде 1800 астам қызметкер жұмыс істейді. Олардың көп бөлігін кредиттік сарапшылар құрайды. Бұл қызмет кез келген студенттің немесе жас маманның арманын жүзеге асыруға көмектеседі, яғни тұрақты әрі жақсы жалақы алу, мансаптық өсу (тіпті облыс филиалының басшысына дейін) мүмкіндігін береді.

Жақында Universum швед компаниясының зерттеу деректеріне сәйкес қазақстандық студенттер 2020 жылдың қорытындысы бойынша KMF-ті TOP-100 жұмыс беруші рейтингіне қосты. KMF «Бизнес» бағытында 60 орынды иеленді.

Компанияның клиенттермен қалай жұмыс істейтінін, Қазақстанның микроқаржы нарығында көшбасшы болу үшін қызметкерлерін қалай ынталандыратынын түсіну үшін компанияның өзіне хабарластық.
Алтынай Ибрагимова – KMF-тің табысты қызметкерінің жарқын мысалы. Бүгінгі таңда ол Шымкент филиалындағы ең жоғарғы лауазым – аймақтық директор қызметін атқарады. Ал еңбек жолын 17 жыл бұрын университетті тәмамдағаннан кейін кредиттік сарапшы қызметінен бастады.

Алтынай KMF-те жұмыс істеудің артықшылықтары, сонымен қатар үлкен мансаптық мүмкіндіктер ашатын кредиттік сарапшы мамандығы туралы әңгімелейді.
Алтынай Ибрагимова: KMF-те жұмыс істеу кәсіби маман ретінде менің құндылығымды арттырады.

Біздің компания туралы айтатын болсақ, KMF дарынды мамандарды тартуға септігін тигізетін мықты брендке ие. Біздің құндылықтарымыз бен көшбасшылық біліктілігіміз жастардың, сонымен қатар тәжірибелі мамандардың да көңілінен шығатыны қуантады. Біздің команда – бұл жарқын әрі дарынды тұлғалар, оларға кәсіпкерлік рух жақын, сондай-ақ олар жұмыста да, өмірді де өздерін еркін ұстайды.

KMF-те әрбір қызметкер өз жетістіктерін басқара алады және компания қызметінің шеңберінде өзінің мансаптық амбицияларын іске асыра алады. Қарқынды бизнес, кәсіби тәлімгерлер, қызықты жобалар және даму бағдарламалары мансапты дамыту үшін KMF-ті тамаша алаңға айналдырады: біздің басшыларымыздың 80% жуығы компания ішінде көтерілген.

KMF мен үшін жақсы жұмыс берушінің үлгісі болды. Бұл өз қызметкерлеріне лайықты әрі ресми жалақы төлейтін жауапты компания. Сонымен қатар компания әртүрлі оқу бағдарламалары және мансапты жоспарлаудың толық ашықтығы арқылы кәсіби дамуға үлкен мүмкіндіктер ашады.

KMF микроқаржылық ұйымы саудагерлермен, өндірушілермен, қызмет көрсету саласындағы кәсіпкерлермен жұмыс істейді. Олардың арасында ауылда мал өсіретін немесе егіншілікпен айналысатын фермерлер мен шаруалар да бар. Кредиттік сарапшы жұмысында клиенттердің бизнес орнына барады. Бұл жерде әрбір кредиттік сарапшы кәсіпкерлерге кредит жөнінде кеңес бере алуы үшін кредиттік талдау негіздерін меңгереді, бизнес-жоспарды құруды үйренеді. Бұл клиенттерімізбен серіктестік қарым-қатынасқа негізделген ұзақ мерзімді болашаққа арналған жұмыс.
Кредиттік сарапшы әрекеттегі клиенттермен де жұмыс істейді: оларға жаңа акциялар, жаңа өнімдер туралы ақпарат береді және т.б.

Менің мансабым KMF-те біртіндеп көтерілді. КМF-тегі мансаптық жолымды 2004 жылы кредиттік сарапшы қызметінен бастадым. 2006 жылы аға кредиттік сарапшы болдым, үш әріптесіме жетекшілік еттім. Содан кейін жеті жыл бойы кредит бөлімінде түрлі қызметтерді атқардым. 2014 жылы филиал директорының орынбасары, ал 2015 жылы директор қызметіне тағайындалдым. 2017 жылдан бері аймақтық директор болып қызмет атқарып келемін. Менің басшылығымда 122 қызметкер, Шымкент және Түркістан облысындағы сегіз бөлімше бар. Әрине, қарапайым қызметкерден бастау алған жолыма қарап, қанша еңбек жұмсалғанын түсінесің, дегенмен белгілі бір деңгейге жеткеннен кейін ілгері жылжығың келеді, жаңа білім, дағды игеріп, өз біліміңді жаңа қызметкерлерге үйреткің келеді, күрделі мәселелерді шешкің келеді.

Компанияда өте күшті корпоративтік мәдениет қалыптасқан, оның қайнарында командалық рух, шешім қабылдауда ашықтық пен әділдік, клиенттерге, сонымен қатар қызметкерлерге деген сый-құрмет тұр. Бұл жұмыс істеуге қатты ынталандырады. Тәжірибемен алмасу үшін кадрларды басқа өңірлерге ауыстыру жиі орын алады. Бұл тәсіл түрлі жағдайларда және түрлі адамдармен кәсіби және басқарушылық тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Компанияда жақсы әлеуметтік пакет қарастырылған. Оған 13-ші жалақы, спортпен шұғылдану, балаларды дамыту, медициналық сақтандыру және қызметкердің таңдауы бойынша басқа жеңілдіктер кіреді. Кредиттік сарапшыларға қосымша

жалдамалы тұрғын үй, көшу шығындары, бензин шығындары, сақтандыру төленеді және жұмысты тиімді ететін басқа көптеген жағымды бонустар қарастырылған. Компания өз миссиясын қатаң ұстанады – кәсіпкерлерге ең үздік қаржыландыру ұсынуға тырысады, сол себепті қызметкерлерінің кәсіби өсуіне және оқуына барлық мүмкіндіктерді жасайды.
Менің ойымша, жас түлек те, жұмыс тәжірибесі мол кәсіби маман да кредиттік сарапшы бола алады. Ең бастысы, кәсіпкерлермен жұмыс істеп, бизнестерін дамытуға көмектесуге тырысу керек. Сонымен қатар жаңа білім алуға, жаңа дағды игеруге, өзін-өзі дамытуға ұмтылу маңызды. Компания ондай қызметкерлерді көтермелейді және алға жылжытады.

Бүгінгі күні мен аяғымда нық тұрмын, өмірімді сүйікті жұмысымсыз және әріптестерімсіз елестете алмаймын. Командамыздың көшбасшылары барлық қызметкерлерге қарқынды жұмыс үлгісін көрсетеді. Сондықтан алдына өр мақсат қойған КМF бір асудан екінші асуды бағындырып жатыр. Біз командамызға өршіл жастарды шақырамыз. Келіңіз, қосылыңыз!