Келес ауданының 20-дан астам ардагері Түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанға арнайы сапармен келді. Ондағы мақсат — жаңа шаһарды тамашалап, киелі жерлерге зиярат жасау. Түрленген Түркістанды қөрген қариялар аудан әкімдігі мен ардагерлер кеңесіне алғысын білдірді.
Түркістан облысында орналасқан Арыстанбаб, Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Әзірет Сұлтан қорық-музейін тамашалаған қариялар ендігі біздің мақсат осы киелі мекеннің тарихын ұрпаққа жеткізу дейді.
Тасқара Мейірбеков, Келес ауданының тұрғыны: «Қала гүлденіп жатқанын ел-жұртқа айту мақсатында келіп отырмыз. Біздің келуімізге аудан әкімі ардагерлер кеңесі барлық жағдайды жасаған. Жеңіл көлік, демалыс орны».
Камила Есенғали