Абай саябағында «Шымкент жастар қаласы» жас суретшілер көрмесінің «Әлем балалар көзімен» тақырыбында сурет салу байқауы өтіп, жеңімпаздар диплом, алғыс хат, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
MOBIL PLUS KOMEK қоғамдық қайырымдылық қоры демеушілік жасаған мерекеде бірде бір бала назардан тыс қалмады. Бақдәулет Теміров байқауға тыңғылықты дайындалыпты. Түрлі-түсті бормен асфальт бетіне сызған суреті бірден көзге түседі. 6 жасар суретшінің арманы – құрылысшы болу.
Наргиза Керімбаева, Mobil Plus Komek қоғамдық қайырымдылық қорының президенті: «Біз халықаралық балаларды қорғау күнімен ата-аналарды, ұл қыздарды құттықтаймыз. Оларға ең бастысы денсаулық тілейміз, барлығы бақытты болсын».
Марина Ростошанская, Миленаның анасы: «Қызым сурет салуды жақында бастады. Ұстазы ынтасы үшін мақтайды. Байқауға шақырту алдық, алғаш рет қатысып жатырмыз. Қызыма барлығы ұнап жаттыр. Көңілі көтеріңкі. Біз көпшілікке көп бара бермейміз. Ерекше балаларға қамқор болған «Мобилплюскөмек» қайырымдылық қорына алғысымыз шексіз».
Mobil Plus Komek қоғамдық қайырымдылық қоры қолдап-демеп отыратын отбасылардың барлық баласы сый-сияпат алды. Ешкім де назардан тыс қалмады.