Шілде айы басталмай жатып, аптап ыстық үдеп барады. Түркістан облысында 10 күн бойы 42 градус аптап ыстық күтілуде.
Қазгидромедтің хабарлауынша, еліміздің он өңірінде дабылды ескерту жарияланды. 28 маусымда Қызылорда облысында 40-42 градус ыстық күтіледі. Жоғарғы дәрежедегі өрт қаупі сақталады.
28-29 маусым күндері Атырау облысында 42 градус аптап ыстық болады. Сонымен қатар, Қостанай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде ауа температурасы 38 градусқа дейін жоғарылайды.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында, Алматы, Павлодар облыстарында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтілуде.