Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Онда, өзінің «М» есімді танысы оның сеніміне кіріп, мемлекет тарапынан берілетін зейнетақысын көбейтіп беремін деп алдап, алаяқтық жолмен 300.000 теңге ақшасын алып, қайтармай жүргенін көрсеткен.

Еңбекші АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі