«Баспана алып беретін» алаяқтар көбейіп кетті

80

 

Түлкібас АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданып келеді. Оның айтуынша өзінің сырттай танысы «әлеуметтік қорғау бағдарламасы арқылы ақша және баспана алып беремін» деп сеніміне кіріп, 1 450 000 теңге ақшасын алып кеткен. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеп, жедел-іздестіру жұмыстарын бастап кетті.

Аудандық тәжірибелі полицейлерден құрылған жедел-тергеу тобы тұрғынды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Куәгерлерден жауап алу барысында, жинақталған ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке-басы анықталып, аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Ұсталған ер адамның жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Алаяқтық жолмен алынған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Ұсталған орта жастағы ер азамат «қолхатта». Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы полицейлері азаматтарға алаяқтардан барынша сақ болуды ескертеді. Кез келген ұсынысты толық тексеріп алыңыз.

Кезексіз, уақытынан бұрын мәселемді шешемін деп ақша беріп, алаяққа алданып қалмаңыз. Егер де, сіз, осыған ұқсас қылмыстың куәгері немесе құрбаны болсаңыз, уақыт оздырмай бірден полицейлерге «102» телефоны арқылы хабар беріңіз.