Депутаттар мен жергілікті билік өкілдері Абай ауданының тұрғындарымен кездесті. «Нұршуақ» шағынауданында коммуналдық мәселелер көптен бері шешілмей келеді, оның ең негізгісі — ауыз сумен қамту. Бұл проблема бұған дейін бірнеше рет көтерілді, енді мәселе шешімін тапты.
«Нұршуақ» шағынауданының тұрғындары көп жылдан бері енді қамқорлықты сезінгендей. Тұрғындар шенеуніктер мен депутаттарға проблемаларына назар аударуды өтінді. Олар суды тасып ішуге мәжбүр, электр энергиясы жеке меншіктің қолында. Ал жолдардың жай-күйіне ешкім бас қатырғысы жоқ.
Бұқарбай Парманов, Абай ауданының әкімі: «Қаржының бәрі бөлінді, істелініп жатыр. Депутаттардың бәрі келіп жатыр. Ол енді әркімнің жеке меншік үйіне барып та, үйін сыпырып бермейміз ғой біз енді. Тасымалдап әкеп беріп жатырмыз».
Мәселе ақыр соңында өз шешімін тапқандай болды. Шенеуніктер барлық проблемалық мәселелер партия мүшелерімен бірге шешіледі деп сендірді.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты Әйгерім Жұмағұлова жұмыстардың орындалуын халық қалаулылары жіті бақылауына алатынын алға тартты. Қазынадан керек қаржы бөлінген. Қазірдің өзінде электр қуаты 4 көшеге беріліп үлгеріпті, бұл 234 үй. Қалғаны әлі де жекенің қолында. Бірақ жақын арадан шешіледі.
Әйгерім Жұмағұлова, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты: «Біз жылдың соңында тұрғындармен кездесіп, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасын қабылданған болатын. Сол Даму бағдарламасын тұрғындармен кездесіп түсіндірген болатынбыз. Яғни, ол Даму бағдарламасында ең бірінші инфраструктураны, әсіресе алыс шағынаудандардың инфраструктурасын дамытуға көңіл бөлінген. Қаржы бар, жұмыстардың аяқталғанын күтсек жеткілікті. Жылдың соңында тұрғындар 100 пайыз сумен қамтамасыздандырылады».
Ақ жағалылар көп сөзден гөрі іске көше бастады. «Нұршуақ» шағынауданында жол жөндеу жұмыстары ретке келе бастады. Сонымен қатар, су мәселесі де орнымен шешілуде.
Айта кетейік, «Нұршуақ» шағынаудандағы тұрғындарының мәселесін шешуге 10 млрд. теңге қаржы жұмсалмақ.
Әлихан Файзханов