«Достар» қоры: Үш достың есімін мәңгілік есте қалдырмақ

127

Үш досты еске алу. Кеңесбай Исмаилов, Алексей Гончаров пен Бақытжан Әшірбаевтар бір-бірінен өзіндік мінез-құлқымен ерекшеленгенімен, үшеуі де Шымшаһарды соңғы демі қалғанша бірдей сүйетін және қаланың дамуын қолдайтын.

Өмірінің соңына дейін қаланың тағдырына алаңдаған үш достың құрметіне Шымкентте «Достар» қоғамдық қоры құрылды. Қорды құрудағы мақсат не?

Алексей, Кеңес, Бақытжан… Бұл үш азамат облыс пен қаланың дамуына көп еңбек еткен жандар. Олар сияқты шаһар, жалпы өңірді ешкім риясыз жақсы көрмеген болар. Еңбектері, туындыларымен олар өздерінің соңынан үлкен із қалдырып кетті. Енді олармен таныс және жақсы көрген азаматтардың міндеті үш азаматтың есімін мәңгілік ету. Дәл осы мақсатпен Шымкентте «Достар» қоры құрылды.

Бауыржан Әшірбаев, «Достар» қоғамдық қорының төрағасы: «Достар қоры арқылы қаламыз ғана емес өңіріміздің мәдени тұрғыда дамуына қолымнан келген барлық амалды жасаймыз. Біз өлкемізді қала, облыс деп бөлген емеспіз».

Алексей, Кеңес және Бақытжанмен таныс болғандар үшін өзінің Лешасы, Кеша мен Бақыты бар. Олар жақындары үшін ашық, риясыздық пен бей-берекетсіздікке төзбейтін жандар еді. Алексей мен Кеңесбайдың ең соңғы жеңістері ұмыт болған Сейіл Қошқарата болды. Олар көне шараны жаңғыртып, қалаға тарту етті. Бірақ өкініштісі, бұл мейрам бүгінде кей шенеуніктерге қажет болмай қалды.

Бақытжан, өзінің пікірімен тұрғын үй кешенінің құрылысы бойынша жоспарды өзгертуге тырысты. Ескі ипподромға жақын жердегі дендросаябаққа көшеттерді байтақ еліміздің түкпір -түкпірінен өзі алып келген еді. Ал хайуанаттар бағы мақтан тұтуға тұратын нысан…

Жаңадан құрылған қордың негізін қалаушылар осы бірегей адамдардың құрметіне арнайы номинацияларды белгілеу бойынша ұсыныс жасады. «Жас дарынды сәулетшілерді қолдау мақсатында және де бард әндерін өткізу бағытында іс — шараларды жалғастыруымыз керек», дейді.

Қорды ашудағы мақсат тек қаражат жинау емес, ұсыныстар да ескеріледі. Солардың бірі — үш досқа қандай ескерткіш және қай жерде орнатылуын талқылау. Алексей Гончарев, Кеңесбай Исмаилов пен Бақытжан Әшірбаевтар өмірден озғанымен, олардың өміршең туындылары мен естеліктері жүректе мәңгі сақталады.

Шынар Оразова