Каналдан 6 жасар баланың мәйіті табылды

275

Түркістан облысында каналдан 6 жасар баланың мәйіті табылды. Қайғылы оқиға Келес ауданы Абай ауылында орын алған. Бүлдіршін 13-ші маусым күні кешқұрым уақытта белгісіз жағдайда жоғалып кетіпті.

Куәгерлер 2015 жылы туған баланы соңғы рет канал маңында ойнап жүргенде көрген екен. 3 күнге созылған іздеу нәтижесінде құтқарушылар баланың денесін Ошақты каналынан тауып, мәйітті судан шығарды.

Қанат Қарабалаев, Түркістан облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы: «Аудандық төтенше жағдай бөліміне хабарласып, арнайы судан құтқару жасағы шақыртылған. 15 маусым күні таңғы сағат 9:45-те баланың денесі табылып, судан шығарылған. Бүгінгі таңда орын алып жатқан жағдайлардың негізгі себептері рұқсат етілмеген жерлерде шомылу және балалардың ата-ананың қарауынсыз қалуы».

Олжас Айдарбек