Кәсіптік білім — қысқа мерзімде

231

Шымкентте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының І бағыты шеңберінде 3 айлық кәсіптік оқыту курстарына 2500 астам азамат жолданды. Кәсіптік оқытудың І ағымы 21 маусымда басталды.

Биыл жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясының шешімімен 600 адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес 8 мамандық бойынша 11 білім беру ұйымдарында және 1 900 адам 24 мамандық бойынша 18 білім беру ұйымдарында ал, еңбек нарығының сұранысына сәйкес 30-дан астам қажетті мамандықтар бойынша 3 ай мерзімге оқытылатындығы бекітілді.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курсын жүргізетін оқу орталықтарының қатарында -Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі бар.

Аталған колледж мемлекеттік бағдарламаны, ондағы міндеттерді жүзеге асыру, халықты әлеуметтік қолдау және оларды кәсіпкерлікке баулу мақсатында бағдарламаға 2015 жылдан бері қатысуда. Оған оқу орнының мүмкіндігі мен материалдық-техникалық базасы, ондағы дәріс беретін профессор-оқытушылар құрамының кәсіби мүмкіндігі жетерлік. Атап айтқанда, 17 мамандыққа лицензиясы бар, республика бойынша 5,5 г теңдесі жоқ оқу-өндірістік базасымен жабдықталған, дуалды-оқыту жүйесімен толық меңгерген оқу орындарының бірі болып есептелінеді. Аспап, кондитер мамандықтарға оқыту бағытында арнайы цехы да бар.
Биыл кәсіптік оқыту курсының «Көгалдандыру және көкөніс өсіруші» мамандықтары бойынша аталған оқу орталығында 50 азаматты оқыту жоспарлануда. Яғни, 1 ай теория, 2 ай іс-тәжірибе жүзінде оқыту жүргізілуде.

Оқу орталығында «Көгалдандыру» мамандығы бойынша оқуға жолдама алған Нұржау Анаркулов. 2011 жылы Шымкент университетін «Психология» мамандығы бойынша бітірген қала тұрғыны «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қысқа мерзімді курс бойынша білім алуда. 3 айлық курсты тамамдаған соң, Мемлекеттік бағдарламаның басқада мүмкіндіктерін пайдалану ойында бар.

Айта кету керек, оқыту курстары 30-дан аса мамандықтар бойынша , оның ішінде дизайнер, кондитер, тігінші, автоэлектрик,тас қалаушы, кран машинисті,визажист,шаштараз шебері, аспаз және т.б. мамандықтар бар. Қатысушыларға ай сайын 17 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Оқуға 18 жастан зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Дәріс беру аптасына 6 күн, 6 сағаттан жүргізіледі. Оқу аяқталған соң арнайы сертификат беріледі. Сонымен қатар,оқуын аяқтаған азаматтарды еңбек нарығының сұранысымен жұмыс берушілердегі пайда болған бос жұмыс орындарына жұмысқа орналасуына ықпал етілетін болады.

Былтыр 2000-ға жуық адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды бітіріп, нәтижесінде 1590 адам жұмыспен қамтылған.