Көйлек сатып аламын деп, есепшотындағы ақшасын алаяқтық жолмен иемденген

115

2021 жылдың 26-маусымында Қаратау АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданды.

Ол өз арызында белгісіз тұлға «WhatsApp» мессенджері арқылы өзінің «ОLХ» интернет дүкеніне 12.000 теңгеге сатуға қойған көйлегін сатып алмақшы болып хабарлама арқылы өзіне ссылка жолдағанын, аталған ссылканы басқанда, өзінің есеп-шотындағы 24.000 теңге қаражатын интернет желісін пайдаланып заңсыз иемденгенін көрсеткен.

Қаратау АПБ КПБ-нің жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғыны анықтап, ұстады. Тергеу амалдары жүргізілуде.