Көркем гимнастикадан Ташкентте өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатында Алина Әділханова жеңімпаз атанып, Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Алина осылайша Шымкент қаласы үшін 8-ші Олимпиадалық квотаны алып келді. Ол Азии Чемпионатында 4 медаль: 2 күміс және 2 алтын медаль жеңіп алды.
Алина Әділханова М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің 2 курс студенті, көркем гимнастикадан Халықаралық спорт шебері, ҚР абсолюттік чемпионы, ҚР гимнастика Федерациясының кубогының чемпионы, командада 2 дүркін Азия ойындарының чемпионы және жеке көпсайыс түрлері бойынша 2018 жылғы Азия ойындарының чемпионы, 7 дүркін Азия чемпионатының чемпионы (2016, 2017, 2018жж)
Студентіміз, мақтанышымыз Алинаны және тренері, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, біздің түлегіміз Әлия Юсупованы жеңістерімен құттықтаймыз! Токио Олимпиадасында Алтын медалді жеңіп алуына тілектеспіз!

Шымкент қаласының қоржынында Токио Олипиадасына 8 жолдама, ол жолдамаларды ұтып алғандардың үшеуі М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің студенттері: Стендке ату – Сарсенкуль Рысбекова, Кравченко Зоя; Көркем гимнастика – Алина Адилханова;
Ал біреуі М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің түлегі: Оқ ату – Юрий Юрков.