Мақтаарал ауданында ағымдағы жылдың 4 айында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 4,5 млрд. теңгеге жеткен. Биыл мақтааралдық диқандар 60 мың гектардан астам жерге өнім еккен.
Оның жартысынан астамы мақта дақылына тиесілі. Сонымен қатар, қызылша және қырыққабат дақылдарынан 20 048 тонна өнім өндірілген. Оның 80 пайызы шетелге экспортталған.
Одан бөлек, мал басының көбейгенін айтып отыр. Сөздерінше жайылым жердің аздығынан малды үйде ұстап, бордақылауға көшкен.