Өмірзақ Шөкеев азық түлік бағасын көтермеуді тапсырды

51

Биыл картоп, қырыққабат, сәбіз бағаларының қымбаттауы ауа райының қолайсыздығы әсерінен кеш шыққандығынан байланысты болып отыр. Осы орайда әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағаларының көтерілмеуі үшін жасалып жатқан шаралар Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтың төрағалығымен өткен жиында сөз болды.

Өңірде күнбағыс майы республиканың барлық өңірінен тасымалданады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл өнімнің импорты Ресей мемлекетінен 4,6 пайызға төмендеген. Облыс әкімі азық түлік бағасын көтермеуді тапсырды.