2021 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі 6,7 млн. тоннаны құрады, бұл туралы бүгін, 22 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді.
Еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі қалдықтардың төмендеуінің негізгі себептері «ПҚОП» ЖШС-ны жөндеуге тоқтау болып табылады, сондай — ақ «ПҚОП» ЖШС-ны іске қосқанға дейін 5-6 күн бұрын Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарына «АМӨЗ» ЖШС және «ПМХЗ» ЖШС-дан жанармай құю станцияларының иелері-кәсіпкерлер тарапынан өтінімдерді беру «ПҚОП» ЖШС-мен салыстырғанда оның жөндеуден кейін іске қосылуын күтіп, жоғары т/ж тарифтеріне байланысты күрт қысқарды.
13 маусымнан бастап бензин өндірісі қайта жанданды, соңғы 5 күнде орташа тәуліктік өндіру 6,5 мың тоннаны құрады. 16 маусымнан бастап дизель отынының өндірісі қалпына келтірілді, соңғы 4 күнде орташа тәуліктік өндіру 6 мың тоннаны құрады. Бұл ретте еліміздің оңтүстік өңірлерінде мұнай өнімдерін тәуліктік тұтыну: Аи-92 бензині бойынша 5,31 мың тоннаны, ал дизель отыны бойынша — 5,6 мың тоннаны құрайды.
Осылайша, мұнай өнімдерін өндіру ағымдағы қажеттілікті толығымен қамтиды. Бұл ретте, тіпті Шымкент МӨЗ-інде жөндеу жұмыстары кезінде кәсіпкерлердің Атырау және Павлодар МӨЗ-дерінен отын сатып алу мүмкіндігі болды, ал өңірде мұнай өнімдерінің қорлары қалыптастырылды. Бұл қалыпты тәжірибе, зауыттар жыл сайын жоспарлы жөндеуден өтеді.
Сонымен қатар, ЖЖМ-ды темір жол көлігімен уақтылы тиеп-жөнелту бойынша проблемалар туындады, қазір «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, оңтүстік өңірлерге басым жеделдетудеміз.
Министрлік мұнай өнімдерін өндіру саласындағы үйлестіруді қамтамасыз етеді, одан кейінгі процестер кәсіпкерлер арасындағы бизнес — қатынастар болып табылады.
Осыған қарамастан, қазіргі уақытта жеткізудегі іркілістерді азайту үшін Министрлік оңтүстік өңірлерге отынды қол режимінде жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде. Жағдай жақын арада қалыпқа келеді.
Жалпы ел бойынша 21 маусымдағы жағдай бойынша мұнай өнімдерінің қоры қолайлы деңгейде және бензин бойынша 195 мың тоннаны + МӨЗ резервуарларында 32,1 мың тоннаны; дизель отыны бойынша 190 мың тоннаны + МӨЗ резервуарларында 22,7 мың тоннаны құрайды.
Барлық МӨЗ тәулік сайын мұнай өнімдерін өндірумен және ішкі нарыққа жөнелтумен штаттық режимде жұмыс істейді.