Президент 1-қазанды радио қызметкерлерінің күні деп бекітуді ұсынды

90

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қазан күнін Радио қызметкерлері күні деп ресми бекітуді ұсынды. Ел Президенті бұл атаулы датаны Қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында бекітуді жөн санайтындығын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті «Соңғы кезде радио қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ екені жиі айтылып жүр. Мен Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен жөн деп санаймын. Еліміз берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың арқасында өсіп-өркендей түссін! Журналистер жағымды жаңалығымен жұртшылықты қуанта берсін! Баршаңызға шығармашылық шабыт, толағай табыс тілеймін!».