Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды бүгінгі мерекемен құттықтады

136

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жеткіншектерді бүгінгі халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.

«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Еліміздің жас буын өкілдерінің балалық шағы бақытты өтіп, дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – стратегиялық маңызы бар міндет. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі» деп жазды Мемлекет басшысы Twitter парақшасында.