Рашид Аюпов Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

117

Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып Рашид Аюпов тағайындалды. Айта кетейік, Рашид Аюпов бұған дейін түркі әлемінің рухани астанасы — Түркістан қаласын басқарып келді.

Рашид Аюпов 1981 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ұлыбританияда Патшайым Марияның Лондон университетін (Queen Mary University of London) аяқтаған, мемлекеттік басқару магистрі.

Түрлі қызметтерді атқарған ол 2015-2018 жылдары аралығында Шымкент қаласы әкімінің аппарат басшысы, Қазақстан Республикасы Үкіметіндегі «Нұр Отан» партиясының өкілі, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты Ақпараттық технологиялар орталығының директоры, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған.

2018 жылдың қыркүйек айынан «SHYMKENT» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы болған. 2019 жылдың шілде айынан бері Түркістан қаласының әкімі қызметін атқарған болатын.