Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарының назарына шағын хабарландыру. 10 маусым сағат 9:00-ден 11 маусым күні сағат 15:00-ге дейін қаланың бірқатар аумағында газ беру уақытша тоқтатылады. Оған Рысқұлов-Қонаев көшелері қиылысындағы жолайырық құрылысы себеп болып отыр.
Сала мамандары осыған орай алдағы бейсенбі мен жұма күндері бірқатар шағынаудандарда газ желісімен қамтамасыз етілетін ғимараттар мен нысандарда, тұрғын үйлерде газ болмайтындығын ескертеді.
Ержан Жолдасов, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы: «Газ құбырынан Шымкент қаласының төменгі Отырар шағынауданында 600 пәтер, Рысқұлов-Қонаев-Дулати-Байтұрсынов-Жандосов көшелері орамында және Т. Рысқұлов көшесінің солтүстік беткейінде орналасқан ғимараттар, тұрғын үйлер, сондай-ақ әлеуметтік нысандар газ желісінен толығымен сөнеді. Осыған байланысты, қала тұғындарынан уақытша қолайсыздық үшін түсіністікпен қарауды сұраймыз».
Айта кетейік, Рысқұлов-Қонаев көшелеріндегі жолайырық құрылысы ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқталады.