ASHYQ-тан өте алмаған жолаушыға әуежай есігі жабық. Мамырдың соңынан бастап Шымкент халықаралық әуежайында ASHYQ жүйесі енгізілді. Енді жасыл не көк түсті мәртебесі бар адамдар ғана әуежай аумағына өте алады. Ал келушінің смартфоны болмаса, оған планшет береді.
Сондағы мобайл қосымша жеке сәйкестендіру нөмірін тереді. Әуежайдағы ASHYQ жүйесінің қалай жұмыс істейді?
Шымкент әуежайында 31 мамырдан бастап ASHYQ жүйесі іске қосылды. Енді әуежайға келушілер де, мұндағы қызметкерлер де терминалға өту үшін ASHYQ жүйесіне тексеріледі.
Коронавирустан қорғау үшін енгізілген жүйенің QR-код құрылғысы әуежай ішіндегі бес орынға қойылған.
Сәкен Мамырбекоа, Шымкент халықаралық әуежайының басқарма төрағасы орынбасары: «Алдында 29 мамырдан бастап тесттік режимге өтті. Енді 31нен бастап толығымен енгеннен кейін тәулігіне бізде 2000 адамдай ұшып шығады жолаушы. Сол 2000 жолаушыға қызмет көрсетіледі. Онымен қатар әуежайдың және әуежайда орналасқан басқа да әуе компанияларының барлық қызметкерлері осы ашық бағдарламасы арқылы кіреді».
Ashyq қосымшасында коронавирус жұқтыру қаупін көрсететін 4 түрлі мәртебе бар. Жолаушының мәртебесі жасыл не көк болса, терминал аймағына бөгетсіз кіреді. Сары және қызыл мәртебе шықса, әуежайға кіргізілмейді.
Айдана Шералы, Шымкент тұрғыны:» Ашық қосымшасын жиі қолданамын. Оны әуежайға келген кезде де, қалада да, кинотеатрларда қолданамыз. Бұл қосымша жақсы болды. Себебі, біріншіден өзімнің қауіпсіздігім және қасымда жүрген адамдардың денсаулықтарын бақылай аламыз. Әуежайға келген кезде осы қосымша арқылы өзімнің қауіпсіз ұшып бара жатқанымды сезінемін».
ASHYQ қосылғалы бері әуежайда 4 адамнан сары статус анықталыпты. Қызыл мәртебе әзірге ешкімнен шықпады. Әуежайға келгенде абдырап қалмас үшін, ASHYQ қосымшасын телефоныңызға жүктеп, мәртебені алдын ала тексерген жөн екен.
Әлихан Файзханоа