Мамандық бойынша дайындық бағдарламасын меңгерген 700-ден астам әскери қызметшілер емтихандар мен сынақтар тапсырды.

Бас штаб комиссиясы әрбір әскери-есептік мамандық бойынша әскери қызметшілерге тексеру жүргізді. Штаттық қару-жарақ пен техниканың функционалдық міндеттерін, материалдық бөлігін, оларды сақтау және пайдалану тәртібін білу – осының барлығын әскерилер жатқа білуі қажет. Әскери қызметшілер іс жүзінде осы уақыт ішінде қару мен жауынгерлік машиналарды қалай меңгергендерін көрсетті. Оқу-полигонында емтихан нормативтерді тапсыру түрінде өтті. Орындалудың дұрыстығын комиссия мүшелері қадағалады.

– Комиссияның тексеру нәтижелері офицерлер мен сержанттардың әдістемелік шеберлік деңгейін толық көлемде бағалауға мүмкіндік берді. Бақылау тексерісінің қорытындысы бойынша әскери бөлім «жақсы» деген жалпы баға алды, – деп атап өтті комиссия төрағасы полковник Қанат Қазизов.

Әскерлерді даярлаудың келесі кезеңі бөлімшелерді, есептоптар мен экипаждарды үйлестіру болады, онда әскери қызметшілер бөлімшелер құрамында өз білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын көрсетеді.

 

QAINAR KÓZШымкент гарнизонының баспасөз қызметі