2021 жылдың 7 маусымынан бастап Шымкенттегі халыққа қызмет көрсету орталықтары жаңа жұмыс кестесіне көшті. Бұл шешімді Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері қабылдады.
Осылайша, ХҚО азаматтарды дүйсенбі-сенбі аралығында сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін қабылдайды.
Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында, ХҚО-ға кезек уақытын белгілеу үшін еgov.kz порталын, eGovKzBot2.0 телеграм-ботын пайдалануға немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.
ХҚО-ға барған кезде қашықтық пен бетперде тағу талаптарын сақтауды сұраймыз.