Шымкент: Вакцина салдырғандар саны 200 мыңнан асты

134
фото BBC

Шымкент қаласы бойынша вакцинацияланғандар саны 200 110 адамға жетті. Үшінші мегаполис тұрғындарының 104 894 -і екпенің екінші компонентін қабылдап үлгерген. Ал Түркістан облысы бойынша вакцинаның I компонентін 254 140 тұрғын, ал II компонентін де 91035 адам салдырды. Жалпы ел бойынша індетке қарсы екпе алғандар саны 2 416 430 адамды құрайды.

Дегенмен, өткен тәулікте тағы 1120 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Оның 40-ы шымкенттік, 13-і Түркістан облысының тұрғындары. Індет екпіні әлі де бәсеңдер емес. Күні кеше 12 отандасымыз тәжівирусының салдарынан қайтыс болды. Оның бірі Шымкент тұрғыны. Денсаулық сақтау министрлігіндегілер ауруханаларда 22 мыңға жуық науқас ковидпен күресіп, ем алып жатқандығын айтады. Тағы 521 адамның жағдайы ауыр.

Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуал бойынша, «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.  «Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары тұр.

 Ақмарал Айтбаева