Шымкентте 44 842 азамат үй кезегінде тұр

189

Шымкентте биыл баспана кезегінде тұрған азаматтарға 976 пәтер үлестіру жоспарланған.

Қазіргі таңда 608 пәтер беріліп, қалған 368-ін қыркүйекте тапсыру қарастырылған. Қалалық тұрғын үй басқармасындағылардың мәліметінше, былтыр кредиттік бағдарламалар бойынша, атап айтқанда «7-20-25» аясында 1639 пәтердің 239-ы, ал «5-20-25» бойынша 609 пәтердің 315-і кезектегі азаматтарға үлестіріліпті. Қазіргі таңда қала бойынша 44 842 азамат үй кезегінде тұр.
Азамат Рысжанов, Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы басшысы: «2021 жылы  «7-20-25» бойынша 1008 пәтер, «5-10-20» -1028 , «5-20-25» бойынша – 1088, «Бақытты отбасы» бағдарламасы  бойынша 373 пәтер тапсырылады. Жалпы 4 мың 197 пәтер  тапсыру жоспарланған».

Шынар Оразова