Шымкентте абаттандыру жұмыстары қарқын алған

27

Шымкент қаласындағы мұнай өңдеу зауытынан бастап Забадам шағын ауданына дейінгі аумақта құрылыс қарқын алған. Қала әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы қызу жүргізіліп жатқан құрылыс барысын бақылады.

Нысанның құрылысы 2 кезең бойынша жүргізілуде. І кезеңде 3 шақырым аумақ жөндеуден өтіп, пайдалануға берілетін болса, ІІ кезеңде жобаға сәйкес абаттандыру жұмыстарының ұзындығы 6,7 шақырымды құрайды.

Бас мердігер — «СтройСервис-7» ЖШС. М.Әйтенов сала басшыларымен бірге мердігермен жолығып, туындаған мәселелерін тыңдады. Нысан құрылысын сапалы және жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.