Шымкентте «Хызыр» мұнарасы жаңартылды

264

Шымкентте Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Қызыр» мұнарасына реставрациялық жұмыстар жүргізілді. Бұл үшінші мегаполистегі республикалық маңызы бар «Қазақстанның киелі жерлері» жобасына енген Шымкенттегі 7 нысанның бірі.

 

Бұл Шымкенттегі ұзақ уақыт бойы қараусыз қалған «Қызыр» мұнарасының жаңа кейпі. Ислам мәдениетінен сыр шертетін нысан Сайрам тұрғын алабында орналасқан. Шымкентті туристік орталыққа айналдыру мақсатында көне ғимараттарды күтіп-баптау басты назарда. Қалалық туризм басқармасының бастамасымен ақпан айында меценат Бауыржан Мырзатаевтың демеушілігімен мұнара аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізілген болатын. «Дегенмен әлі де жасалыну керек жұмыстар жетерлік»- дейді ұйымдастырушылар.

Олжас Шынтаев, Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы: «Ең алдымен келетін туристерге ыңғайлы инфраструктура беруіміз керек. Яғни, тұрақ, тағы да басқа…».

19 ғасырда салынған «Қызыр» мұнарасының биіктігі 10,7 метр болса, ал қазір 5,7 метрге дейін төмендеген. Оны тарихшылар жер сілкінісімен байланыстырады. Сондай-ақ, бұл аймақ туралы әзірге толық мәлімет жоқ, сол себепті объект өз зерттеушісін күтеді деген пікірде.

: 300 жылдық тарихы бар кешен діни орталық қызметінен бөлек, өз тарихымен туристердің ерекше қызығушылығын оятуда. Республикалық маңызы бар «Қазақстанның киелі жерлері» жобасына Шымкент қаласынан 7 нысан енген. Ал «Қызыр» мұнарасы солардың бірі әрі бірегейі.

 Камила Есенғали