Шымкентте кәсіптік оқыту курстары басталды

251

Шымкентте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының І бағыты шеңберінде 3 айлық кәсіптік оқыту курстарына ағымдағы айдың соңына дейін 2500-ден астам азамат жолданады. Кәсіптік оқытудың І ағымы 21 маусымда басталатын болып жоспарлануда.

Биыл жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясының шешімімен 600 адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес 8 мамандық бойынша 11 білім беру ұйымдарында және 1 900 адам 24 мамандық бойынша 18 білім беру ұйымдарында ал, еңбек нарығының сұранысына сәйкес 30-дан астам қажетті мамандықтар бойынша 3 ай мерзімге оқытылатындығы бекітілді.

Оқытылатын мамандықтардың ішінде дизайнер, кондитер, тігінші, автоэлектрик,тас қалаушы, кран машинисті,визажист,шаштараз шебері, аспаз және т.б. мамандықтар бар. Қатысушыларға ай сайын 17 мың теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Оқуға 18 жастан зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Дәріс беру аптасына 6 күн, 6 сағаттан жүргізіледі. Оқу аяқталған соң арнайы сертификат беріледі.

Былтыр 2000-ға жуық адам қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды бітіріп, нәтижесінде 1590 адам жұмыспен қамтылған.

Айта кету керек, жұмыспен қамту орталығының 4 аудандық бөлімшелерінде кәсіптік оқыту бөлімдері ашылған.