Шымкентте неке саны көбейіп, ажырасу азайған

74

Шымкентте өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, биыл некелесу саны 49,3 пайызға көбейген. Ал бір қуантарлығы ажырасу жағдайы 53,5 пайызға азайған.

Сондай-ақ, биыл некелесу коэффиценті 1000 адамға шаққанда 7,44-ке көбейсе, ал ажырасу 0,68-ге дейін төмендеген.

2021 жылдың қаңтар-сәуір айы аралығында Шымкент қаласында 246 ажырасу жағдайы тіркеліп, 2688 неке қию жағдайы тіркелген.

 Камила Есенғали