Шымкенттің көшелері сұйық сабынмен жуыла бастады

229

Бүгін Әл-Фараби ауданына қарасты адам көп шоғырланатын А.Байтұрсынов, Тәуке хан, Б.Момышұлы және Түркістан көшелеріндегі аяқжолдар жуылды.

Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін тазалық жұмыстары кезінде аяқжолдар жууға алдымен сұйық сабын пайдаланылып, содан соң қарапайым сумен шайылды.

Тазалық мәдениетін қалыптастыру және санитарлық нормаларды ұстануды тұрғындарға насихаттау мақсатында орталық көшелерде орналасқан дәмхана мен жедел тамақтанатын орындарға механикалық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Көшелер мен аяқжолдар жуу жұмыстарын «ЛТД Тұрмыс» ЖШС-ы атқарды. Оған 7 арнайы техника және 35 адам жұмылдырылды.