Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан ақсақалдарымен жүздесіп, күрделенген мәселелерді ортаға салды. Өз сөзінде аймақ басшысы өңірлік қамқорлық бағдарламасының орындалу барысын қадағалауды тапсырды.
Түркістан облысында көмекке мұқтаж екі мыңға жуық отбасы бар. Демеушілер есебінен барлығына 500 млн. теңгеден астам көмек берілді. Осы бағдарлама аясында 52 отбасы баспаналы болды.
Облыс әкімінің ақсақалдармен кездесіп жергілікті мәселелерді талқылауы дәстүрге айналды. Сөз алған ақсақалдар кез келген мәселені алыдын алуға болатынын айтты.