Түркістан облысын дамытуға — 3,6 трлн. теңге

52

Бүгінгі өткен Үкімет отырысында Түркістан облысын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспары баяндалды. 5 жылды 3,6 трлн. теңге жұмсалмақ. Өңірде спорт нысандары көбейеді. Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше мұз сарайы, теннис және атшабар нысандары салынады.

Түркістан облысының туризмін дамытатын тағы бір жоспар Түркістан -Ташкент -Шымкент бағытындағы темір жол магистралі.

Одан бөлек, Шымкент Сарыағаш қалаларынан айналма жол салынады. Осылайша 2025 жылға дейін жолдардың 99 пайызы жөнделмек.

Назерке Үкібасова