Үй алып беремін деп, 700 мың теңгесін иемденген тұрғын ұсталды

208
фото azattyq-ruhy.kz

2021 жылдың 30-мамырында Қаратау АПБ-на Түркістан облысының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз азаматша мемлекет тарапынан үй алып беремін деп, сеніміне кіру арқылы алаяқтық жолмен 700.000 теңге ақшасын иемденіп кеткенін көрсеткен.

Қаратау АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілген. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға абай болуға және бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге кеңес береді. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада 102 нөміріне хабарласыңыз.