Бір тәулікте Нұр-Сұлтанда 568, Алматыда 181 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, — деп хабарлайды Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1445 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Айта кетейік, бір күн бұрын 1496 науқас тіркелген болатын.
Өңірлердегі статистика:
Нұр-Сұлтан қаласы — 506,
Алматы қаласы — 181,
Шымкент қаласы — 50,
Ақмола облысы — 33,
Ақтөбе облысы — 29,
Алматы облысы — 37,
Атырау облысы — 61,
Шығыс Қазақстан облысы — 87,
Жамбыл облысы — 31,
Батыс Қазақстан облысы — 70,
Қарағанды облысы — 147,
Қостанай облысы — 34,
Қызылорда облысы — 31,
Маңғыстау облысы — 41,
Павлодар облысы — 49,
Солтүстік Қазақстан облысы — 25,
Түркістан облысы — 33.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 414 712.
Еске сала кетейік, бұған дейін сынама алынған Нұр-Сұлтандағы науқастардың жартысы коронавирустың үнді штаммын жұқтырғаны белгілі болды. Сондай-ақ, «Дельта» штаммы Алматыда 11 адамнан анықталды.
Осыған байланысты елордада қосымша шектеулер енгізілді.